Мектеп ұстаздарымен “Досбол Like” бағдарламасы аясында БТЖО Е. М. Саликова, психолог А. А. Жуматованың ұйымдастыруымен “Буллинг: мойындау, анықтау, тоқтату” тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында кейс тапсырмалары, рөлдік ойындар ұсынылып, бейнефильм көрсетілді. Ұстаздар оқушылар арасындағы келіспеушілік, оның алдын-алу, жағымды қарым-қатынас орнату туралы өз ойларын ортаға салды.