Құрметті ата-аналар!
Балаларымыздың қауіпсіздігі – бәріміз үшін басты міндет.
Өскелең ұрпақты экстремизм мен терроризмнің зиянды ықпалынан сақтау – тек мектептің ғана емес, отбасындағы тәрбиенің де маңызды бөлігі.
Балаларыңыздың:
кіммен араласатынын,
ғаламторда қандай контент көретінін,
қандай топтар мен чаттарға қосылатынын
қадағалап отыру – олардың қауіпсіз болашағына жасалған маңызды қадам.
Бірлесе әрекет етсек – баламыздың саналы, қауіпсіз өсетініне сенім мол!







