«Буллингтен қорған бол!»
Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатында 2 “Ә” және 3“А” сыныптарында «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға буллингтің зияны туралы түсінік беру, бір-біріне құрметпен қарауға, достық қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу.
Балалар шынайы өмірдегі мысалдармен бөлісіп, қауіпсіз орта қалыптастыру жолдарын талқылады.
Бірлік, өзара қолдау мен мейірімділік – мектептегі ең басты құндылық екені айтылды.








