Бүгін мектеп парламенті оқушыларға “Амандасу мәдениеті” туралы сауалнама жүргізді!
Бұл шараның басты мақсаты —
✨ оқушылар арасында сыпайылық пен мәдениеттілікті арттыру,
✨ ұлттық амандасу дәстүрлерін сақтау,
✨ бір-бірімен жылы қарым-қатынас орнатуға үйрету.
Оқушылар амандасудың — сыйластықтың, достықтың және адамгершіліктің белгісі екенін атап өтті.






