Павлодар қаласындағы “Келешек мектеп” ұлттық жоба аясында №48 мектепте ұлттық құндылықтарға негізделген садақ ату сабағы өткізіледі. Бұл сабақта оқушылар қазақ халқының дәстүрлі спорт түрлерінің бірі – садақ атудың тарихымен, маңызымен танысады.
Садақ ату сабағы балалардың мергендік қабілетін, зейінін, төзімділігін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, ұлттық ойын арқылы оқушылардың ата-баба мұрасына деген қызығушылығы артып, патриоттық рухы қалыптасады.
Аталған сабақтар «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» бағыты аясында жүзеге асырылады және ұлттық дәстүрді білім беру үдерісімен ұштастыруға мүмкіндік береді.






