“Мамандықтар марафоны”, “Еңбегі адал – жас өрен” республикалық жобасы аясында мектеп түлектері мен студенттер арасында тағылымды кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – мектеп түлектерін әртүрлі мамандықтармен таныстыру, болашақ кәсібін дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, адал еңбек пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру, студент жастардың тәжірибесімен бөлісу арқылы түлектердің мотивациясын арттыру.Кездесу барысында студенттер өздерінің оқу жолы, таңдаған мамандығы, жеткен жетістіктері мен кездескен қиындықтары туралы айтып, түлектердің сұрақтарына жауап берді.
✨ Шара жас ұрпақтың еңбекке деген құрметін арттырып, саналы таңдау жасауына ықпал етті.






