Баянауыл ауданы, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты «Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес 6 әлеуметтік жоба негізінде жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
«Қамқорлық» әлеуметтік жобасы
Бұл жоба аясында мейірімділік, жанашырлық, өзара көмек құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Оқушылар қарттарға, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету акцияларына қатысты. «Жақсылық жаса» челленджі, қайырымдылық жәрмеңкелері мен сенбіліктер ұйымдастырылып, оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігі артты. «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы
Жобаның мақсаты – еңбекқорлықты, адал еңбекті дәріптеу, мамандыққа қызығушылық қалыптастыру. Осы бағытта түрлі кәсіп иелерімен кездесулер, еңбек сабақтары, «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
«Smart Bala» жобасы
Жобаның шеңберінде оқушылардың зияткерлік қабілетін дамытуға басымдық берілді. «Шабыт» шығармашылық жобасы
Бұл жоба оқушылардың өнерге, шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Әдеби-музыкалық кештер, сурет көрмелері, өлең оқу байқаулары мен қолөнер жұмыстарын таныстыру шаралары ұйымдастырылды.
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы
Жоба оқушылардың сыни ойлау, шешендік өнер, жылдам шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
«Балалар кітапханасы» жобасы
Оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында кітап оқу сағаттары, «Бір апта – бір кітап» акциясы, кітап көрмелері өткізілді.
«Ұлттық STYlE» жобасы
Ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған бұл жоба аясында қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық киімдер, қолөнер, ұлттық ойындар кеңінен таныстырылды.
Қорытындылай келе мектебіміз “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі қағидаттарымен толық үндеседі.






