«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 7–10 сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирі өтті.
Турнир барысында оқушылар «Болашақтың саналы азаматын қалыптастыратын – кітап оқу ма, әлде қауіпсіз цифрлық орта ма?» тақырыбында өз ойларын ортаға салып, өзекті мәселеге қатысты дәлелді пікірлерін ұсынды.
Пікірсайыс оқушылардың сыни ойлау қабілетін арттырып, өз көзқарасын еркін жеткізуге, қарсы тараптың пікірін құрметтеуге және қоғамдық мәселелерге саналы түрде баға беруге мүмкіндік берді.
Белсенділік пен ұшқыр ой, нақты дәлел мен мәдени диалог тоғысқан тартысты дебат жоғары деңгейде өтті.






