«Айқын нәтиже» жобасы аясында әлеуметтік санаттағы отбасылармен көшпелі жұмыс жүргізілді.
Аралау барысында мамандар отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысып, әр үйдің ахуалын зерделеді, сонымен қатар бала тәрбиесі мен білім алуына ерекше назар аударды. Оқушылардың сабаққа қатысуы, тәртібі және бос уақытының ұйымдастырылуы қаралды. Ата-аналармен жеке әңгімелесулер жүргізіліп, оның барысында ата-ана жауапкершілігін арттыру, құқықтық сауаттылық және отбасында жағымды психологиялық климат орнату мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, мектеп пен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту. Жоба аясындағы жұмыс жалғасатын болады.







