«Наурызнама» – жалпыұлттық онкүндігі 🌷
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында елімізде «Наурызнама» жалпыұлттық онкүндігі аталып өтеді. Бұл күндер – ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып, бірлігімізді нығайтып, жақсылық пен ізгілікке үндейтін ерекше мерекелік кезең.
Онкүндік барысында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін түрлі игі бастамалар, мәдени шаралар, спорттық ойындар мен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Әр күннің өзіндік мәні бар, ол халқымыздың салт-дәстүрі мен рухани байлығын насихаттауға бағытталған.
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, татулық пен берекенің мейрамы. Осы мерекелік күндер әр шаңыраққа қуаныш, молшылық және құт-береке әкелсін!







