«Заңмен достық» жобасы
Жасөспірімдер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мектебімізде «Заңмен достық» жобасы аясында арнайы сұхбат ұйымдастырылды.
Жоба барысында оқушылар мектеп оқушыларынан және ұстаздардан құқықтық білім, заңды сақтау, құқық пен міндет туралы пікірлерін сұрап, сұхбат алды. Бұл шара жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға деген құрметін арттыруға және қоғамдағы жауапкершілікті сезінуге бағытталды.
Сұхбатқа қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, заңды білу – әр азаматтың міндеті екенін атап өтті.
⚖️ Заңды білу – болашаққа сенімді қадам!






