🌿 «Digital Nauryz – 2026»
«Наурызнама» онкүндігі – ұлттық мейрамның жаңаша сипаты! 🌿
🌱 Жаңару күні – көктеммен бірге табиғаттың оянып, тіршіліктің жаңаратын ерекше кезеңі. Бұл күн – өткенге есеп беріп, жаңа бастамаларға қадам жасап, тазалық, бірлік пен ізгілік құндылықтарын дәріптейтін уақыт.
✨ Наурыз – жаңару мен бірліктің, береке мен ырыстың мейрамы!
🌼 «Жаңару күніне» орай «Біздің болашақ ауылымыз» жобасы аясында 4-сынып оқушылары гүл отырғызып, экологиялық іс-шараға белсене қатысты.
🎯 Мақсаты: мектеп ауласын көгалдандыру және оқушыларға жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
🌸 Жаңару күні – жаңа өмірдің бастауын, үміт пен жақсылықты білдіретін мерекелік күн!






