«Әз Наурыз» атты тәрбие сағаты өтті 🌿
Мектепалды даярлық «А» сыныбында «Әз Наурыз» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында бүлдіршіндер қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары туралы мағлұмат алып, мерекенің мән-маңызын түсінді.
Балалар ән айтып, тақпақтар оқып, ұлттық ойындар ойнап, Наурыз мерекесінің көркін аша түсті.
Тәрбие сағатының мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен дәстүрге деген құрметті қалыптастыру.
👩🏫 Тәрбиешісі: Мусабекова Т.Т.
🌸 Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 🌸






