“Ұлттық кітап күні” аясында ұйымдастырылған «Кітап әлемінде» атты квест шарасы оқырмандарды кітаптың ғажайып әлеміне жетелеген ерекше танымдық іс-шара болды. Қатысушылар түрлі бекеттерден өтіп, өз білімдері мен зеректіктерін сынады. Олар авторлар мен шығармаларды сәйкестендіріп, викториналық сұрақтарға жауап беріп, қызықты жұмбақтарды шешу арқылы әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырды.
Квест барысында әр қатысушы өз мүмкіндігін көрсетіп қана қоймай, кітаптың адам өміріндегі маңызын тереңірек түсінді. Шара көңілді атмосферада өтіп, білім мен ойын ұштастырған әсерлі сәттерге толы болды. «Кітап әлемінде» квесті оқырмандарға жаңа шабыт сыйлап, кітапқа деген сүйіспеншілікті одан әрі арттыра түсті.






