Бүгін мектебімізде 25 қазан – Республика күніне орай жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ел болашағына деген жауапкершілікті арттыру мақсатында салтанатты қабылдау рәсімі өтті.5-сынып оқушылары «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына, ал 2-сынып оқушылары «Жас Қыран» ұйымына қабылданды.Салтанатты рәсім барысында оқушылар Отанға адал қызмет етуге, білімге ұмтылуға, тәртіпті болуға және еліміздің лайықты азаматы болуға уәде берді.Бұл – жас өрендердің өміріндегі маңызды қадам, елжандылық пен жауапкершілікке бастайтын игі жол!Жас ұландар мен жас қырандарға білім биігінен көрініп, ел мақтанышына айналатын азамат болып өсуіне тілектеспіз! Қанаттарың талмасын, жас өрендер!Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді, отаншыл ұрпақтың қолында!






