ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! БАС ЖҮЛДЕ!Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында этнос жастары арасында ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты аудандық конкурс өз мәресіне жетті.Аталған байқауда мектебіміздің оқушысы Григорец Раиса жоғары деңгейде өнер көрсетіп, БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды!Бұл – мемлекеттік тілге деген құрметтің, білім мен ізденістің және табанды еңбектің жемісі.Жеңімпаз шәкіртімізді және жетекшісі Шитова Дидар Кузаировнаны шын жүректен құттықтаймыз!







