|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
9
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 115
✨ Мектеп Парламентінің игі ісі ✨
Бүгін мектеп парламентінің оқушылары Бақыт Сағашевнаның үйіне барып, ауладағы қарды күреп, көмек көрсетті.
Бұл — оқушыларымыздың үлкенді құрметтеу, бір-біріне қолдау көрсету сияқты адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп келе жатқанын көрсетеді.
Қыстың қарлы күні жылы көңіл сыйлаған оқушыларға үлкен алғыс!
|
8
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 138
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Павлодар қаласындағы №48 мектепте заманауи, инновациялық білім беру ортасы қалыптасуда. Мұнда шамамен 500 оқушы қатысатын 11 үйірме жұмыс істейді. Танымдық әрі қызықты сабақтар барысында оқушылар тоғызқұмалақ, шахмат, бес асық және садақ ату сияқты ұлттық және спорттық ойындарды меңгеріп, өз шеберліктерін шыңдайды
🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿
🏫 В рамках нацпроекта «Келешек мектептері» в школе №48 города Павлодара формируется современная инновационная образовательная среда. Здесь функционируют 11 кружков, которые посещают около 500 учащихся. В ходе познавательных и увлекательных занятий школьники осваивают национальные и спортивные игры — тогызкумалак, шахматы, бес асык и стрельбу из лука, совершенствуя свои навыки и мастерство
|
9
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 151
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткен облыстық «Тәртіп отбасынан басталады» спорттық эстафетасында мектебіміздің Сағынбековтер отбасы жүлделі III орынға ие болды.
Жеңістеріңіз құтты болсын!
Отбасының ауызбіршілігі мен үлгілі тәртібі баршаға өнеге болып қала берсін.

|
8
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 129
11сынып оқушыларымен мектеп психологы А. Жуматова ҰБТ -ге дайындық кезеңінде мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын қалыптастыру , өздеріне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында “ Емтиханға қалай дұрыс дайындалу керек. Табысты бастама” атты тренинг өткізді. Тренинг барысында шағын дәріс, кинезиологиялық жаттығулар түрлерімен танысып, оларды дұрыс пайдалану, табысты адам моделін оқушылар құрастыруды үйренді.
|
9
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 144
Буллингті уақытында анықтап, дер кезінде әрекет ету — оның алдын алудың ең тиімді жолы
🛡️2022 жылдан бастап елімізде «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары заңнамалық деңгейде бекітілді. Ал 2024 жылдан бастап бұл әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
📩 Ағымдағы жылдың 11 айында 404 іс тіркеліп, оның ішінде 238 адам жауапкершілікке тартылды.
⤴️ Жоғарыда берілген инфографикада — әрекет ету алгоритмі, құқықтық шаралар және ата-аналарға, педагогтер мен мамандарға арналған нақты ұсынымдар ұсынылған.

|
8
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 146
Жаратылыстану апталығының мақсаты – оқушылардың табиғат құбылыстары жөніндегі білімін кеңейту, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, ғылымға деген қызығушылығын арттыру.
Апталық барысында биология, химия, география, тарих пәндері бойынша «Білім жәрмеңкесі» ұйымдастырылуда.
Барлық оқушыларды өз білімдерін шыңдап, белсенді түрде апталыққа қатысуға шақырамыз!
Жаратылыстану апталығының ашылу салтанатынан үзінді…
|
8
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 172
Аудандық жас мамандар арасында өткен дебат турнирінде мектебіміздің мұғалімдері — Б.М. Қайрат пен А.Д. Шақырман қатысып, жүлделі I орынды иеленді.
Құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көп болсын!

|
8
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 118
“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы аясында 9"ә" сыныппен алдын-алу мақсатында жұмыстар жүргізілді.

- Қаралды: 176







