|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
28
Сәуір
2025
|
Бүгін мектебімізде «Бір шаңырақ астында» атты ұлттық тағамдардың көрме мен этномәдени көрмесі өткізілді.
Шара барысында әр ұлттың мәдени құндылықтары мен асханалық дәстүрлері таныстырылды. Оқушылар мен ата-аналар ұлттық тағамдардан дәм татып, ұлттық тұрмыстық ақпараттарымен танысты.
Шараның мақсаты – әртүрлі халықтардың мәдениетін құрметтеу мен ұрпақ бойына отансүйгіштік, сыйластық сезімдерін ұялату.
Өткізген: Сынып тәрбиешілері
|
28
Сәуір
2025
|
Мирас клубының ұлдарымен бірге тәртіп ережелерін түсіндіру мақсатында арнайы жиын өтті. Жиын барысында клубтың негізгі талаптары мен әр қатысушының жауапкершілігі туралы толық мәлімет берілді.
Клуб жетекшісі:Кошанов Нариман Жанатович








