|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
2 «А» сыныбында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі аталып өтті! 🌸
Оқушылар ұлттық дәстүрлермен танысып, ән айтып, би билеп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеді.
Мереке барысында балалар бір-біріне жылы тілектер айтып, көктемнің шуақты көңіл-күйін сезінді.
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы!
Баршаңызға береке, бірлік, молшылық тілейміз! 🌿
|
19
марта
2026
|
🌿 «Digital Nauryz – 2026»
«Наурызнама» онкүндігі – ұлттық мейрамның жаңаша сипаты! 🌿
🌱 Жаңару күні – көктеммен бірге табиғаттың оянып, тіршіліктің жаңаратын ерекше кезеңі. Бұл күн – өткенге есеп беріп, жаңа бастамаларға қадам жасап, тазалық, бірлік пен ізгілік құндылықтарын дәріптейтін уақыт.
✨ Наурыз – жаңару мен бірліктің, береке мен ырыстың мейрамы!
🌼 «Жаңару күніне» орай «Біздің болашақ ауылымыз» жобасы аясында 4-сынып оқушылары гүл отырғызып, экологиялық іс-шараға белсене қатысты.
🎯 Мақсаты: мектеп ауласын көгалдандыру және оқушыларға жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
🌸 Жаңару күні – жаңа өмірдің бастауын, үміт пен жақсылықты білдіретін мерекелік күн!







