| 
 Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты"  КММ
 
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области  | 	
	
  | 
		
|---|
| 
 
14 
Қазан 
2025 
 | 
Қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік!
Мектебімізде 6-сынып оқушыларымен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілі оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпті және заңмен тыйым салынған заттардан аулақ болу, қылмыстық кодекстегі негізгі ережелер туралы түсінік берді.
Кездесудің мақсаты – балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдағы қауіпсіздік пен заңға құрметті арттыру.

| 
 
14 
Қазан 
2025 
 | 
 «Үзіліс кезінде кітап оқуды баста!»
Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында ерекше кітап оқу сәті өтті. Үлкен үзіліс кезінде оқушылар өз сүйікті кітаптарын оқып, білімге деген құштарлықтарын танытты.
Кітап оқуға сіз де уақыт бөліңіз!








