|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
22
Қыркүйек
2025
|
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Даналық мектебі”жоспарына сәйкес Аналар күніне орай “Ана-өмір шуағы” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мерекелік шарамызға «Даналық мектебі» әжелер клубының мүшесі Абушахманова алма Ғалымқызы , Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, ардақты ұстаз, аяулы анамыз Амангүл Рымхан; Ата-аналар комитетінің төрайымдары бала бақша тәрбиешісі, музыкант, – Назгүл Серіковна, Әлеуметтік жұмыскер Уалиева Самал Ермұхановнаның қатысуымен Ана махаббатының адам өміріндегі орны; Жұмыс пен отбасыны қатар алып жүрген аналар тәжірибесі; Қазіргі қоғамдағы аналардың беделі мен үлгісі; Балаларға ұлттық тәрбие берудегі ананың рөлі тақырыптары қозғалды. Шараға 7 сынып оқушылары және сынып жетекшілері ат салысты.
Ұйымдастырушы: Музыка жетекшісі А.Б.Адамбекова; көркемдік жетекші К.Т.Мардан
|
22
Қыркүйек
2025
|
♟️ Шахмат үйірмесі мектебімізде өтуде! 🏫✨
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, зейінін және төзімділігін дамыту мақсатында мектебімізде шахмат үйірмесі жұмысын бастады!
🧠 Бұл үйірме:
🔹 Стратегиялық ойлауға үйретеді
🔹 Шешім қабылдау дағдыларын дамытады
🔹 Жеңіске жетуге, жеңілісті дұрыс қабылдауға тәрбиелейді
📍 Үйірме аптасына бірнеше рет өткізіліп, оқушылар жас ерекшелігіне қарай топтарға бөлінеді.








