|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
“Қазақстан халқына” қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында өтетін “Қайырымдылық” күніне орай, балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында “ QН Жаздық жолдама-2024” қайырымдылық жобасы бойынша мектебімізге Баянауыл селолық округінің әкімі Бижанов Буркутбай Оразтаевич жолдама табыстады.

|
14
Наурыз
2024
|
Мектебіміздің 9а сынып оқушысы Нұржанқызы Ясмин қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Сәтбаев және Ұлт Руханияты» атты жас ақындардың туындыларынан облыстық көркем сөз байқауынан III орынды иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Е.Сайрамбек. Құттықтаймыз!

3"б"-4"в" сынып тәрбиеленушілерімен "Бала құқығы туралы не білеміз?" атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру. Өткізген: Молдабекова А.Т.

Баянауыл ауданының "Барлығына бірдей қолжетімді сапалы білім беру" ұлттық баяндамасын іске асыратын жол картасы аясында мектебімізде даярлық сыныбына баратын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункт жұмыс істейді.Жол картасына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ,орта білім беруді дамыту,білім беру сапасын бағалау,инклюзивті білім беру,балалардың құқықтарын қорғау,қосымша білім беру шаралары енгізілген.

2024 жылғы 8-9 наурыз аралығында Павлодар қаласында грек-рим күресінен 2009-2011 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен, облыс чемпионатына мектебіміздің жас палуандары қатысып, өз салмақ дәрежелерінде жүлделерге қол жеткізді. Жанболат Әділ,Мүбәрак Ермұхамет І орын.Сарбасов Ерік ІІ орын иеленіп ҚР чемпионатында облыс намысын қорғайды. Жаттықтырушысы: К.Ж. Дуйсенбеков










