|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
20
Қазан
2025
|
Ұлттық STYLE – рухани жаңғыру жолы!
⠀
Интернат тәрбиеленушілерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ”Ұлттық STYLE” жобасы аясында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды.
⠀ Оқушылар ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендірілген этно стильдегі бұйымдар жасап, қазақи сән мен өнерді жаңғыртты.
|
17
Қазан
2025
|
Дебат турнирі мектебімізде!
📍 Тақырып: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
Бүгін мектебімізде оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тілге деген құрметін арттыру мақсатында қызықты да танымды дебат турнирі өтті! 💬
🗣 Оқушылар «Өзге тілді меңгеру – заман талабы ма?» және «Ана тіліміздің мәртебесін қалай көтереміз?» сынды маңызды сұрақтар төңірегінде пікір алмасты. Екі жақтың да дәйектері тыңдалып, тартысты әрі мазмұнды ойлар айтылды.
🔹 Турнирдің мақсаты – көптілділікке ұмтылу арқылы өз тілімізге деген сүйіспеншілікті арттыру, ана тіліміздің қадірін түсіндіру.
💬 «Тілді ұмытқан – тарихын ұмытады» дегендей, қай тілді меңгерсек те, өз тілімізге деген құрмет – мәңгілік міндетіміз!
|
17
Қазан
2025
|
2025 жылғы 17 қазан күні Республика күніне арналған 3-5 сынып оқушылары арасында үстел теннисінен жарыс өткізілді.

|
16
Қазан
2025
|
Құттықтаймыз!
«Ақберен» өнер байқауында жүлдеге иеленген Жумаканова Айымды шын жүректен құттықтаймыз!
Жетекшісі:Е.М. Саликова
Жеңістеріңіз мол болсын, шығармашылық шабыт тілейміз!

2025 жылғы 15 қазан күні Республика күніне арналған волейбол спорт түрінен 8-11 сыныптары аралығында мектепішілік лигасы өткізілді. Жарыс нәтижесі бойынша
І орын 11 сынып командасы.
ІІ орын 10 сынып командасы.
ІІІ орын 9 сынып командасы

|
16
Қазан
2025
|
Бүгін 1, 2, 3-сынып интернат тәрбиеленушілерімен ”Денсаулық сақшысы – медбике!”тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Балаларға медбикенің атқаратын қызметі, тазалық пен жеке бас гигиенасының маңызы жайлы түсінік беріліп, денсаулықты сақтау жолдары жайлы пайдалы ақпарат ұсынылды. Өткізген:
Н.М. Амирова,
А.О. Садыкова
Сонымен қатар, 8-сынып оқушыларымен «Отбасы және неке»тақырыбында маңызды тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатында оқушылар отбасылық құндылықтар, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, жауапкершілік пен сыйластық туралы мағлұмат алды.
Іс-шараны өткізген: Ш.Н. Фаменова

|
17
Қазан
2025
|
Еңбегі адал жас өрен!
⠀
Мектебімізде 1–7 сынып оқушылары арасында “Күзгі асар”атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
⠀
Көрмеде оқушылар мен ата-аналардың бірлесіп жасаған түрлі қолдан жасалған бұйымдары мен күзгі жемістерден жасалған шығармашылық туындылары көпшіліктің көңілінен шықты.
Үздік туындылар номинациялармен марапатталып, белсенділік танытқан оқушыларға алғыс хаттар табысталды. ⠀
Бұл шара оқушыларды еңбекқорлыққа, шығармашылыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеп,бағалауға үндейді.
|
15
Қазан
2025
|
🍏 ”Дәмді және пайдалы: дұрыс тамақтану ережесі!”
Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күніне орай мектебімізде іс-шаралар өткізілді.
📌 1 “А”, 2 “Ә”, 2 “А”,5 “Ә”, 6 “А” сыныптарында *
дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіруге арналған тәрбие сағаттары өтті.
Мектептің медицина қызметкері оқушыларға пайдалы және зиянды тағамдар, күнделікті ішілетін судың мөлшері, таңғы астың маңызы туралы түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын ұстанудың жолдарын ұсынды.
Бұл шара оқушылардың тамақтану мәдениетін қалыптастыруға, денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды бастама болды.







