|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
- Просмотров: 130
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында зияткерлік ойын өтті
Мектебімізде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес мектеп парламентінің және қосымша білім беру педагогы Ханатұлы Ж. ұйымдастыруымен 5–7 сынып оқушыларына арналған “Ұшқыр ой алаңы” зияткерлік-ұлттық ойыны өткізілді.
Сайыс барысында оқушылар ұлттық құндылықтар, логикалық ойлау, тапқырлық пен командалық жұмыс бағытында өз білімдерін сынады. Іс-шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, белсенді азаматтық ұстаным мен әділдік қағидаларын қалыптастыруға бағытталды.
Осындай мазмұнды шаралар оқушылардың зияткерлік әлеуетін арттырып, ұлттық рухты нығайтуға үлкен үлес қосады.
|
27
января
2026
|
- Просмотров: 118
Бүгінгі үзіліс ерекше өтті! Тілдер апталығы барысында оқушылар орыс және ағылшын тілдерінде ойындар ойнап, білімдерін сынады. Көңілді сәттер көп болды!
|
27
января
2026
|
- Просмотров: 118
«Заң және тәртіп» цифрлық сервисін қалай пайдалануға болады?
Құқық бұзушылық туралы енді смартфон арқылы – «Заң және тәртіп» сервисімен тікелей хабарлауға болады. Ол сіздің күнделікті қолданатын қолданатын қосымшалардың ішінде бар. Бірнеше секунд, және сіздің өтінішіңіз құқық қорғау органдарына жетеді.
Как использовать цифровой сервис «Закон и порядок»?
Сообщить о нарушении теперь можно прямо со смартфона – через сервис «Закон и порядок». Он уже интегрирован в ваши привычные приложения. Пара секунд, и ваша заявка уже у дежурного полицейского.
|
29
января
2026
|
- Просмотров: 104
“ҰЛТТЫҚ STYLE” жобосының күнтізбесіне сәйкес қаңтар айында Этникалық брошь ою-өрнек немесе тұлпары бар аксессурын дайындауда 11 “Ә” сынып оқушылары сынып жетекшісі П.Е. Арғынбаймен бірлесіп жұмыс жасады.
|
28
января
2026
|
- Просмотров: 127
6 “А” сынып қыздары қаңтар айында ҰлттықStyle жылдық жоспары аясында этникалық брошь жасауды үйренді. Жұмыс барысында ұлттық ою-өрнек пен заманауи сән үйлесіп, ерекше туындылар дүниеге келді.
Жетекшісі: Бопихан Күлзипа.
|
27
января
2026
|
- Просмотров: 137
Мектеп жылыжайы – еңбек пен білімнің ордасы
Мектебімізде оқу-тәрбие үдерісін тәжірибемен ұштастыру мақсатында мектеп жылыжайы тұрақты түрде жұмыс жасауда. Қазіргі таңда жылыжайда қияр дақылы өсіріліп, мол өнім алуға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуде.
Жылыжай жұмысына оқушылар белсене қатысып, қиярды күтіп-баптау, суару, қопсыту, өсімдіктің өсу кезеңдерін бақылау сияқты тәжірибелік дағдыларды меңгеруде. Бұл – балалардың еңбекке баулу, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және жауапкершілігін арттыруға үлкен мүмкіндік.
|
26
января
2026
|
- Просмотров: 117
Шахмат үйірмесі
Мектебімізде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, зейінін арттыру және стратегиялық шешім қабылдауға үйрету мақсатында шахмат үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірме барысында оқушылар шахматтың негізгі ережелерімен танысып қана қоймай, түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп, логикалық ойлауын дамытады.
Шахмат – сабырлылыққа, шыдамдылыққа және алға бірнеше қадам ойлай білуге үйрететін зияткерлік ойын. Үйірмеге қатысушы балалар әр партия сайын өз шеберліктерін шыңдап, достық қарым-қатынас орнатады.
Зияткер ұрпақ – жарқын болашақ кепілі! ✨
Үйірме жетекшісі: Сатжанов Т.А.







