|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
- Просмотров: 161
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспары аясында
«Ұшқыр ой алаңы» зияткерлік-ұлттық ойынының
ЕРЕЖЕСІ
Өтетін күні: 29.01.2026ж 16:00
(5–7 сынып оқушыларына арналған)
1 Жалпы ереже
1.1. «Ұшқыр ой алаңы» — ұлттық ойындар мен зияткерлік тапсырмаларға негізделген командалық сайыс.
1.2. Ойын зияткерлік-ұлттық бағыттағы тәрбиелік іс-шаралар аясында өткізіледі.
1.3. Мақсаты — оқушыларды ұлттық құндылықтарға баулу, логикалық ойлау қабілетін дамыту, ұйымшылдық пен ептілікке тәрбиелеу.
2.Қатысушылар
2.1. Ойынға 5–7 сынып оқушыларынан құралған командалар қатысады.
2.2. Әр команда 5 оқушыдан тұрады.
3.Ойын құрылымы (6 бекет)
Ойын 6 бекеттен тұрады:
1. Бес асық
2.Кім мерген?
3. Тауып көр
4. Ептілік
5. Логикалық сұрақтар
6.Арқан тартыс
Командалар бекеттерден белгіленген бағыт бойынша кезекпен өтеді.
4.Бекеттерден өту тәртібі
4.1. Әр бекетке 5 минут уақыт беріледі.
4.2. Әр бекетте жауапты жетекші немесе төреші болады.
4.3. Тапсырмалар командалық түрде орындалады.
5. Бекеттердің қысқаша ережесі
🔸 1-бекет: «Бес асық»
Командадан 1–2 ойыншы қатысады.
Белгіленген уақыт ішінде асықты дұрыс лақтырып, жинау қажет.
Дәлдік пен жылдамдық ескеріледі.
🔸 2-бекет: «Кім мерген?»
Ойыншылар нысанаға (доп, сақина, асық, т.б.) дәл тигізуі керек.
Әр дәл тигізген әрекетке балл беріледі.
Мергендік пен шапшаңдық бағаланады.
🔸 3-бекет: «Тауып көр»
Ұлттық салт-дәстүр, мақал-мәтел, жұмбақ немесе жасырын сөздер беріледі.
Команда дұрыс жауапты табуы тиіс.
Ойлау қабілеті мен тапқырлық сыналады.
- Просмотров: 159
Мектебіміздің 1 «А» сынып оқушылары «Кітапхана әлеміне саяхат» тақырыбында танымдық шараға қатысты. Шара барысында оқушылар кітапханамен танысып, кішкентай оқырман ретінде қабылданды. Сонымен қатар, кітапты күтіп ұстау ережелері мен кітапханада өзін дұрыс ұстау тәртібі түсіндірілді. Бұл кездесу балалар үшін қызықты әрі пайдалы болды.
- Просмотров: 152
Мектеп психологтары А.А. Жуматова, Н. Шәріп, Г.К.Молдасаринаның ұйымдастыруларымен “Жанұя жылуы” жобасы аясында ата- аналармен “Қалай келісуге болады…” тақырыбында тренинг сабағы өтті. Негізгі мақсаты: ата-аналарға балалармен қысымсыз, өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа және эмоционалды байланысқа негізделген тиімді қарым- қатынас дағдыларын қалыптастыру.
Тренинг барысында дискуссия, топтық жұмыс, баламен конструктивті диалог құру, тәжірибе алмасу тәсілдері қолданылды. Ата- аналар коммуникациядағы жиі кездесетін қателіктерін түсініп, құрылымды диалогтың алгоритмімен танысты, “келісу” дағдыларын тәжірибеде пысықтады.
|
22
января
2026
|
- Просмотров: 134
7-сынып интернат тәрбиеленушілерімен «Бақыт деген не?» атты тренинг өтті.
Тренинг барысында балалар бақытты өз ойларымен сипаттап, өмірдегі кішкентай қуаныштардың үлкен мәнге ие екенін түсінді. Жылы атмосферада өткен шара тәрбиеленушілердің жүрегіне жақсы әсер қалдырды 💛
Өткізген: Жуматова А.А.
Тәрбиеші: Мылтықбай Т.Ж.
|
20
января
2026
|
- Просмотров: 187
Сапалы білім – кемел болашақ кепілі
Мектеп – тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды кезең. Дәл осы ортада оқушының білімге деген қызығушылығы артып, болашаққа бағыт-бағдары айқындалады. Сапалы білім беру – мектептің басты міндеті және жарқын болашақтың кепілі.
Мектептегі сапалы білімнің айқын нәтижелері:
• Білім сапасының артуы – оқушылардың оқу үлгерімі жақсарып, пәндер бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізіледі;
• Ойлау қабілетінің дамуы – сыни, шығармашылық және логикалық ойлау дағдылары қалыптасады;
• Жеке тұлғаның қалыптасуы – жауапкершілікті, тәртіпті, өз ойын еркін жеткізе алатын оқушы тәрбиеленеді;
• Заманауи дағдылар – цифрлық сауаттылық, зерттеу және топпен жұмыс жасау қабілеттері дамиды;
• Жетістіктер мен жеңістер – олимпиадаларда, байқауларда және ғылыми жобаларда жүлделі орындар көбейеді.
Сапалы білім – оқушы жетістігінің негізі, ал білімді ұрпақ – еліміздің кемел келешегі. Әрбір сабақ, әрбір жетістік – жарқын болашаққа бастар қадам.
|
21
января
2026
|
- Просмотров: 138
- Интернаттың 2–3 сынып тәрбиеленушілерімен бос уақытты тиімді ұйымдастыру мақсатында ойлау мен моториканы дамытатын қызықты ойындар өткізілді.
Тәрбиеші: А.О.Садыкова
|
19
января
2026
|
- Просмотров: 155
«Өнерлінің өрісі кең» үйірмесінің тәрбиеленушілері
ҰлттықStyle жылдық жоспары аясында қаңтар айында этникалық брош жасауды меңгерді.
Шығармашылық жұмыс барысында ұлттық нақыш пен заманауи стиль үйлесім тапты.
Үйірме жетекшісі: Бопихан Кульзипа.
|
21
января
2026
|
- Просмотров: 136
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
Қаңтар айындағы «Заң және тәртіп» бағыты шеңберінде мектеп парламентінің ұйымдастыруымен жоспарға сай
«Мектеп жарғысы – білім беру ұйымындағы тәртіптің негізі. Буллингтен қорған!» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға мектеп жарғысының талаптары, оқушының құқықтары мен міндеттері, тәртіп сақтаудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар буллингтің алдын алу, оның түрлері мен салдары, қиын жағдайға тап болғанда көмекке жүгіну жолдары туралы ақпарат берілді.
|
19
января
2026
|
- Просмотров: 162
Баянауыл ауданы, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты «Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес 6 әлеуметтік жоба негізінде жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
«Қамқорлық» әлеуметтік жобасы
Бұл жоба аясында мейірімділік, жанашырлық, өзара көмек құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Оқушылар қарттарға, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету акцияларына қатысты. «Жақсылық жаса» челленджі, қайырымдылық жәрмеңкелері мен сенбіліктер ұйымдастырылып, оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігі артты. «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы
Жобаның мақсаты – еңбекқорлықты, адал еңбекті дәріптеу, мамандыққа қызығушылық қалыптастыру. Осы бағытта түрлі кәсіп иелерімен кездесулер, еңбек сабақтары, «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
«Smart Bala» жобасы
Жобаның шеңберінде оқушылардың зияткерлік қабілетін дамытуға басымдық берілді. «Шабыт» шығармашылық жобасы
Бұл жоба оқушылардың өнерге, шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Әдеби-музыкалық кештер, сурет көрмелері, өлең оқу байқаулары мен қолөнер жұмыстарын таныстыру шаралары ұйымдастырылды.
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы
Жоба оқушылардың сыни ойлау, шешендік өнер, жылдам шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
«Балалар кітапханасы» жобасы
Оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында кітап оқу сағаттары, «Бір апта – бір кітап» акциясы, кітап көрмелері өткізілді.
«Ұлттық STYlE» жобасы
Ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған бұл жоба аясында қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық киімдер, қолөнер, ұлттық ойындар кеңінен таныстырылды.
Қорытындылай келе мектебіміз “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі қағидаттарымен толық үндеседі.






