|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
19
декабря
2025
|
- Просмотров: 141
Мектебімізде оқушылардың тапқырлығы мен шығармашылығын дамыту мақсатында мектепішілік жайдарман (КВН) сайысы ұйымдастырылды. Аталған сайысқа мектебімізден 7 команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Сайыс барысында оқушылар түрлі әзіл-қалжың, сахналық көріністер мен қызықты қойылымдар ұсынып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Командалар өзара тартысты бәсекеде тапқырлықтары мен ұйымшылдықтарын көрсете білді.
Сайыс қорытындысы бойынша:
🥇 7 «А» сыныбы – І орын
🥈 8 «А» сыныбы – ІІ орын
🥉 6 «Ә» сыныбы – ІІІ орын
🏅 5 «А» сыныбы – «Ең тапқыр команда»
🏅 5 «Ә» сыныбы – «Ең драйвты команда»
🏅 7 «Ә» сыныбы – «Ең креативті команда»
🏅 8 «Ә» сыныбы – «Көрермен көзайымы»
Жеңімпаздар мен қатысушы командалар алғыс хаттармен марапатталды. Шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың белсенділігін арттырып, бірлік пен ынтымақты нығайта түсті.
|
15
декабря
2025
|
- Просмотров: 165
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 1 «Ә» және 2 «Ә» сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік – бастауы бар бақыт!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараны ұйымдастырып, өткізгендер: Зарықхан Г. Фаменова Ш.Н.

|
19
декабря
2025
|
- Просмотров: 188
Ұлттық STYLE” жобасы
Бүгін оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында “Ұлттық STYLE” жобасы аясында мазмұнды іс-шара жалғасын табуда.
✨ Іс-шара барысында оқушылар ұлттық нақыштағы этностильде шырша ойыншықтарын жасап, өздерінің қолөнер шеберліктерін танытты. Ою-өрнек, ұлттық түстер мен дәстүрлі элементтер жаңа жылдық көңіл-күймен үйлесіп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталды.
🧵 Бұл жұмыс оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыруға, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге зор ықпал етті.
Жетекші мұғалім: Бопихан К.
|
15
декабря
2025
|
- Просмотров: 130
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай мектеп парламенті «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Динара Кәрібаевнамен сұхбат жүргізді.
Сұхбат барысында еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихы, оның маңызы мен бүгінгі ұрпақтың жауапкершілігі туралы маңызды ойлар айтылды.
|
17
декабря
2025
|
- Просмотров: 163
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Балалар кітапханасы» жобосын іске асыру мақсатында Павлодар облысы бойынша Ауыл партиясының өңірлік филиалының жастар қанатының төрағасы Сериков Алтынбек Айтпаевич мектеп кітапханасына кітаптар сыйлады.
|
15
декабря
2025
|
- Просмотров: 157
5 "Ә" сыныбында тәуелсіздік мерекесіне орай "Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Сынып жетекші:Д.К.Шитова.

|
15
декабря
2025
|
- Просмотров: 137
2025 жылғы желтоқсанның 12 күні «Ауыл» партиясы Павлодар облысы бойынша өңірлік филиалының демеушілігімен «Заң және құқықтық тәртіп» айлығы аясында үстел теннисі спорт түрінен 2011-2013,2014-2015,2016,2017 жылдары туған оқушылар арасында аудандық ашық турнирі өтті. Аталмыш турнирге аудан мектептері және Павлодар қаласынан «Павлодар олимп» клубы қатысты. Жалпы тоқсаннан астам қатысушы болды. Спортшылар қызықты да, тартысты ойын өрнегін көрсетіп өз жас ерекшеліктері бойынша жеңіс тұғырынан көрінді. Мектебіміздің оқушылары келесідей нәтижеге қол жеткізді.
Амангелді Алинур, Оразбек Надира ІІІ орын, Балтабек Саян, Ғабдысаттар Ерхан, Буркутбаева Аружан,Төлеген Алим ІІ орын. Жандарбеков Нурислам, Ерлан Нұрбек І орын иеленіп, жеңімпаз атанды. Турнирге демеуші болған «Ауыл» партиясы және «Нұрбол» сауда үйіне алғыс білдіреміз!!
|
12
декабря
2025
|
- Просмотров: 121
12.12.25 күні физика пәнінен 8 «Ә» сыныбында Lesson Study зерттеу тобы кезекті сабағына қатысты. Сабақ барысында зерттеуге алынған оқушылардың оқу үдерісі бақылауға алынып, мұғалімнің қолданған әдіс-тәсілдерінің тиімділігі талданды. Зерттеу тобы сабақ соңында бірлесе отырып кері байланыс беріп, алдағы сабақтарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірледі.








