|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
25 Қазан – Республика күніне орай мектебімізде мерекелік концерт ұйымдастырылды!
Бұл мереке – Тәуелсіз еліміздің бірлігін, рухын дәріптейтін күн. Концерт оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, отансүйгіштікке баулу мақсатында өтті.
⠀
Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз!
|
22
октября
2025
|
Баянауыл ауданының полицейлерімен бірлескен Шәкен Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернатының 4а-сынып оқушыларымен бейнелеу өнер пәнінің мұғалімі А.Т.Исаева Республика күніне орай сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушыларды үш топқа бөліп, «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сурет салу сайысын ұйымдастырды.
Оқушылар өз туындыларында еліміздің тәуелсіздігін, табиғатының сұлулығын және бейбіт өмірдің маңыздылығын бейнеледі.
Полицейлер жас ұрпаққа отансүйгіштік, заңды құрметтеу және ел игілігі үшін еңбек етудің маңыздылығын түсіндірді.
Мұндай кездесу сабақ оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, елге деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.







