|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
26
июня
2025
|
🏫 Абай облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бес жаңа үлгідегі мектеп ашылады
🔹 2025 жылдың соңына дейін Абай облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша бес жаңа мектеп іске қосылады. Жобаның өңірде жүзеге асу барысымен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жұмыс сапары аясында танысты
https://www.instagram.com/p/DLXHBuNoKaj/?igsh=MXd0NHR1MXBkZnBkaA==
➖➖➖
🏫 Пять школ нового формата по нацпроекту «Келешек мектептері» откроют в области Абай до конца 2025 года
🔹 С ходом реализации национального проекта «Келешек мектептері», инициированного Главой государства, ознакомился министр просвещения в ходе рабочей поездки в область Абай
https://www.instagram.com/p/DLXHQMaoFwy/?igsh=MWx4Y2VtbWp1dm1pOA==
https://t.me/oqu_agartu/16110
https://www.facebook.com/share/p/19Xy9aqjyq/?mibextid=wwXIfr
|
25
июня
2025
|
Мемлекет басшысының қатысуымен өткен құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысында Бас Прокурор Берік Асыловтың сөзінен
Кеше құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысына жасаған баяндамамнан. Қазақстан әділеттілікке, заң үстемдігіне және тәртіпке негізделген даму жолымен сенімді ілгерілеп келеді. Конституциялық өзгерістер прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтті. Құқық қорғау органдары жазалаушы тәсілден профилактика қағидатына көшті. Халық саны өсіп жатқанымен, елдегі қылмыс деңгейі төмендеуде. Бұл — барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың жүйелі әрі нәтижелі жұмысының нақты көрсеткіші. Соңғы жылдары қылмыс деңгейі 2 есеге төмендеді, адам өлтіру мен зорлау – 50%, бұзақылық – 70%, қарақшылық пен тонау – 80% азайды. Қылмыстық индекс бойынша Қазақстан бірнеше жылда әлемдік рейтингте 60 сатыға көтерілді. Бұл – тұрақтылықтың, реформалардың және мемлекетке деген сенімнің объективті көрінісі. Елімізде «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы бекітілді. Ол тек күштік құрылымдарға ғана емес, бүкіл қоғамға қатысты. Басты мақсаттар – құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік, заңды құрметтеуді балалық шақтан қалыптастыру, мәдени-адамгершілік және отбасылық құндылықтарды нығайту. Осыған байланысты қазіргі таңда оқушылар мен студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға ерекше көңіл бөлінуде – бұл еліміз халқының үштен бір бөлігін құрайтын топ. Мектептерде «Заң мен Тәртіп» пәні енгізілуде. Бұл бастама қоғам тарапынан қолдау тапты. Прокурорлар 2 миллион азаматтың әлеуметтік құқықтарын қалпына келтірді. 4 млрд теңге еңбекақы берешегі – ондаған мың қызметкерге қайтарылды, 12 млрд теңге алимент – балалардың пайдасына өндірілді, 630 млрд теңге – мемлекет кірісіне қайтарылды, 850 балалар үйінің түлектері мен әлеуметтік осал азаматтар баспанамен қамтамасыз етілді, тұрғын үй бөлу практикасы қайта қаралды. Ұрланған активтерді қайтару бойынша — 770 млрд теңге бюджетке қайтарылды. Осы қаражаттың есебінен 300-ден астам әлеуметтік нысан – мектептер, ауруханалар, спорт кешендері және шалғай өңірлердегі 2 миллионға жуық адамды таза ауыз сумен қамтамасыз ететін нысандар салынып жатыр. Прокуратура олардың мақсатты жұмсалуын мұқият бақылау







