|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
24
февраля
2026
|
«Заң және тәртіп», «Айқын нәтиже» жобалары аясында мектебімізде профилактикалық бағыттағы рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында 21 отбасы (28 оқушының) тұрғылықты мекен-жайына барып, оқушылардың тұрмыс жағдайы, тәрбиесі, бос уақытын тиімді өткізуі және қауіпсіздігі назарға алынды. Сонымен қатар ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, құқықтық сауаттылық және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.
🔺Рейдтің негізгі мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету және отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың тәртібі мен оқу үлгерімін жақсартуға, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған нақты қадамдар жасалуда.

|
20
февраля
2026
|
«Кешкі кітапхана» жобасы аясында өткен «Ұтқыр ой алаңы» зияткерлік сайысы – жастардың басын қосқан керемет рухани кеш болды. «Ұтқыр ой алаңы» зияткерлік сайысында «Шабыт», «Талант», «Парасат» топтары музыка, кино және әдебиет бағыттары бойынша бақ сынап, білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Сайыс барысында түрлі кезеңдер бойынша командалар жылдамдықта, ой ұшқырлығында, сөз мәдениетінде өзара тартысты жарыс өткізді. Кештің ерекше бөлігі – «Жасанды интеллект адамды алмастыра ма, әлде көмекші құрал ма?» тақырыбындағы пікірталас болды. Әр топ өз көзқарасын дәлелмен жеткізіп, технология мен адам еңбегінің арақатынасы туралы ойларын мәдениетті түрде қорғады. Бұл кезең жастардың заманауи ойлау қабілетін айқын көрсетті.
Қорытынды нәтижесі:
I орынды Ш.Айманов атындағы ЖОББ гимназия мектеп‐интернатының ұстаздары «Талант» тобы жеңіп алды. Ал, II орын Баянауыл көпсалалы колледж ұстаздары – «Шабыт» тобына бұйырды, III орынға Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері – «Парасат» тобы ие болды.







