|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
1
декабря
2023
|
7а,7ә сыныптарымен “Интернет қауіпсіздік қағидаттар”,”Деструктивтік діни ұйымдар”атты танымдық сынып сағаты өткізілді.
Арнайы сынып сағатымызға қатысқан тарих пәнінің мұғалімі Н.Р.Сексенов діни ұйымдар туралы өз ойымен бөлісті.
Өткізген сынып жетекшілері: А.С.Бейсекеев А.М.Жапарова.

2023 жылғы 24 қараша күні волейбол спорт түрінен мектепішілік 8-11 сынып оқушылары арасында мектеп лигасы ұйымдастырылды. Жарысқа алты команда қатысып, келесідей нәтиже көрсетті. ІІІ орынды 9а сыныбы, ІІ орынды 10ә сыныбы, І орынды 11 сыныбы иеленді. Жарыста "үздік ойыншысы" аталымымен Қамар Толғанай, "Үздік шабуылшы" аталымымен Олжатай Төрекелді,"Үздік доп жалғаушы" аталымымен Сабитова Аружан ерекше ойын көрсеткендері үшін марапатталды. Жарысты үйымдастырған А.К.Ермеков. Құттықтаймыз!

|
29
ноября
2023
|
Мектеп тәрбиеленушілері «Шахмат» үйірмесіне қатысуда.
Жетекшісі Н.Ж.Айтмагамбетов

|
27
ноября
2023
|
“Жас ұлан” ұйымы және мектеп парламенттінің ұйымдастырумен мектебіміздің 5- 7 сыныптар арасында мектепшілік «ECO-Planena» конкурсына қатысуға шақырамыз.
Конкурс мақсаты:
• Оқушылары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету.
• Оқушыларға өзіндік модельдеу, дайындау және экологиялық-ағартушылық жұмысқа қатысу арқылы қалдықтарды өзгеше түрде кәдеге жаратумен байланысты экологиялық мәселелерді шешуде шығармашылық ізденіс мүмкіндігін беру.
Конкурс міндеттері:
❖ Экологиялық дүниетаным мен ойлауды қалыптастыру;
❖ Экологиялық білім берудің субъектілік-ақпараттық өрісін кеңейту;
❖ Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
❖ Оқушылардың назарын ауданымыздың экологиялық мәселелерін бірлесіп шешуге аудару.
Конкурстың өтетін орны және мерзімі:
2023 жылы 30 қараша күні сағат 16:00 де «Қалмұқан Исабаев» кабинеті.
Конкурсты өткізу тәртібі
➢ Конкурсқа 5-7 сынып оқушылары қатысады;
➢ Әр сыныптан 1 команда, әр командада 3 оқушыдан.
|
29
ноября
2023
|
Қараша айының 28- ші жұлдызында тәрбиешілердің онкүндігі қарсаңында 6-7- сынып тәрбиеленушілерімен «Бала құқығы адам құқығы» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Өткізген сынып тәрбиешілері: Қ.Е.Мусабеков, А.Қ.Айтжанов.
|
24
ноября
2023
|
Мектебіміздің «Мирас» ұлдар клубының мүшелерімен «Темекіден аулақ бол» тақырыбында кездесу өтті

|
27
ноября
2023
|
9 "А" сынып оқушылары "Тоқыма өнері" факультатив сабағы. Тақырыбы: Қолға білезік жасау. /тоқыма жіпті қолдану арқылы/
Өткізген: Көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Ш.К. Қамаш

|
24
ноября
2023
|
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" ұйымдастыруымен
10А сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Көркем мінез – баға жетпес байлық.
Эмоционалды интеллект – табысты тұлғаның негізі» атты ата-аналар жиналысы өтті.
🔹Мақсаты: ата-аналардың эмоционалды құзыреттілігін, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынасты реттеу дағдыларын дамыту. Өткізген: сынып жетекшісі К.Б.Альжанова






