|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
13
января
2026
|
8 «Ә» сыныбында “Заң және тәртіп айы” аясында “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

|
12
января
2026
|
Павлодар облысының чемпионаты
Спортшыларымыз облыстық жарыста жоғары нәтиже көрсетті!
🥇 Ерсін Расул – І орын
🥉 Хуанышұлы Ақылбек – ІІІ орын
Жеңімпаздарымыз Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама жеңіп алды.
Жас спортшыларымызды және жаттықтырушысын шын жүректен құттықтаймыз! 👏🇰🇿

10 «Ә» сынып оқушыларымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық пен әділдікке баулу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Сынып жетекшісі: А. А. Жуматова

|
8
января
2026
|

|
12
января
2026
|
Құқықтық мемлекет – қауіпсіз қоғам негізі
Бүгін мектебімізде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы "Заң жыне тәртіп" құндылығының айлығы аясында "Құқықтық мемлекет" тақырыбында 6 “а “ сынып оқушыларымен сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараға Баянауыл аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Ильмира Имантайқызы Мекенова арнайы қатысып, оқушылармен мазмұнды әрі тағылымды кездесу өткізді.
Сонымен қатар, сынып сағатына:
🔹 басшының тәрбие жұмысының орынбасары Саликова Елмира Мергенбаевна,
🔹 орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Хасенова Г. Б.,
🔹 қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Амангүл Рымхан қатысып, тәрбиелік жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
👮♀️ Кездесу барысында:
• балалардың құқықтары мен міндеттері,
• буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу,
• қауіпсіз орта қалыптастыру,
• қиын жағдайларда қайда және кімге жүгіну керектігі туралы кеңінен айтылды.
👧👦 Оқушылар өмірлік жағдаяттарды талқылап, өз ойларын ашық айтып, құқықтық сауаттылықтарын арттырды. Мұндай кездесулер балалардың жауапкершілігін күшейтіп, бір-біріне құрметпен қарауына ықпал етеді.
🙏 Ильмира Имантайқызына және іс-шараға атсалысқан әріптестерге тәрбиелік мәні зор кездесуі үшін алғысымызды білдіреміз!
✨ Құқықтық мемлекет – әр баланың қауіпсіздігі мен қадір-қасиетін қорғаудан басталады.
|
7
января
2026
|
«Толағай» спорттық сайысы 🏆
Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен мектеп бірлестіктері арасында «Толағай» спорттық сайысы өтті. Шараның мақсаты – ұжымдар арасындағы бірлікті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және ұйымшылдықты арттыру.
Сайысқа қатысқан бірлестіктер жоғары белсенділік танытып, тартысты жарыс өрнегін көрсетті. Нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 I орын – Тілдер бірлестігі
🥈 II орын – МИФ бірлестігі
🥉 III орын – Тәрбиешілер бірлестігі
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Осындай мазмұнды шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба берсін! 👏✨
|
12
января
2026
|
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мұғалімнің мәртебесі қашанда бәрінен биік. Ұлы тұлғалардың өзі ұстазының алдында шәкірт болып қала береді. Ұлттың болашағы – ұстаздың қолында. Менің мақсатым – ұстазды қоғамымыздың басты кейіпкері ретінде дәріптеу», - деп атап өтті.
«Ұстаздар туралы даналық сөздер» айдары – педагог мамандығының қоғамдағы ерекше рөлін, оның ұлы миссиясын айшықтайтын ұлы тұлғалардың ой-пікірлерін ұсынады.

|
5
января
2026
|
«Қысқы демалыс кезінде кітап оқу» акциясына
1 «А» сынып оқушысы Ерсін Ералы белсене қатысты.
Кітап оқу – бала дамуының берік негізі 💫







