|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
15
Сәуір
2026
|
«Құстар – біздің досымыз» экологиялық акциясы 🐦
Интернат бастауыш тәрбиеленушілері табиғатты қорғауға бағытталған игі шараға белсене қатысты. Акцияның басты мақсаты – құстарға қамқорлық жасау, табиғатты аялау және балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Балалар өз қолдарымен құс ұяларын жасап, ағаштарға іліп, құстарды азықтандырды. Бұл – табиғатқа деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі 💚
Табиғатты бірге қорғайық!
|
15
Сәуір
2026
|
Мектебімізде 4 және 9-сынып оқушыларының білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингіне дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Оқушылардың білім деңгейін арттыру, алған білімдерін пысықтау және мониторингке сапалы дайындалуын қамтамасыз ету мақсатында пән мұғалімдері тарапынан қосымша сабақтар, қайталау жұмыстары мен тест тапсырмалары ұйымдастырылуда.
Бұл жұмыстар оқушылардың білімін нығайтып, мониторингті жоғары деңгейде тапсыруына мүмкіндік береді.
✨ Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!







