Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
12
Ақпан
2025
|
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымын, табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру мақсатында 9 А сынып оқушылармен экодебат өткізілді.Тақырып «Жылыжай эффектісі және озон қабатының бұзылуы»
Өткізген: биология пәнінің Смагулова К.Ы
11
Ақпан
2025
|
Тәрбие беру-келешегіміздің кепілі.
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп - интернатының “Даналық мектебінің” әжелер клубымен” Қызым-қызғалдағым, ұлым-ізгі арманым” атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына “Қазақ аналары-дәстүрге жол” республикалық қоғамдық бірлестігінің Баянауыл ауданының төрайымы Жамбы Ипатқызы, бірлестіктің белсенді мүшесі, “Даналық мектебі” әжелер төрайымы Абушахманова Алма Ғалымқызы, бірлестіктің белсенді мүшесі Жангельдина Бақыт Қанашқызы, ардагер ұстаз “НҰР -АНА” қоғамдық бірлестігінің мүшесі Назымбекова Камила Кәрібайқызы қатысты. Тәрбие сағатының мақсаты: ұл бала мен қыз баланың бойына тән тәлімдік қасиеттер, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, өзара сыйласымдылық, әдептілік қасиеттерді дамыту. Ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Әсіресе қыз балаларға ”Қызға қырық үйден,қала берсе күңнен тыйым” деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Қыз бала мен ер бала тәрбиесіне тек ата-анасы жауапты емес, бүкіл ел жауапты болғандығын Жамбы Ипатқызы ерекше атап өтті.
Бала тәрбиесінің алтын қазығы -туған ұясы. “Отан-от басынан басталады”, “Ел боламын десең- бесігіңді түзе” демекші қыздарымыз құлпыра берсін,ұлдарымыз ізгі армандарымызды орындай берсін- деген тілекпен Алма Ғалымқызы өз пікірін білдірді. Оқушылар белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп ,ой-толғаныстарын білдірді. Сөз соңында Бақыт Қанашқызы бата берді.