|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
9
Сәуір
2026
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшыларын мен педагогтерін лауазымға тағайындау және босату қағидалары негізінде, 2026 жылғы 7-15 сәуір аралығында Павлодар облысының білім беру басқармасы өзіне қарасты білім беру ұйымдарының басшысы лауазымына конкурс жариялайды.
📌Толық конкурс шарттары мен талаптар Павлодар облысының білім беру басқармасының ресми сайтында жарияланады.
📍Қатысуға ниетті үміткерлер барлық құжаттарын белгіленген мерзім ішінде ұсынуы қажет.

|
9
Сәуір
2026
|
Тәрбиешілер апталығы аясында
мектебімізде «Денсаулық – зор байлық. Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіру, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру және денсаулықтың адам өміріндегі басты құндылық екенін ұғындыру.
Оқушылар белсенді қатысып, пайдалы тағамдар мен зиянды әдеттер туралы өз ойларын ортаға салды.
Тәрбиеші: Мубаракова Р.







