|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
8
Сәуір
2026
|
Мектебімізде табиғатты қорғау мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттау мақсатында Экологиялық апталықтың ашылу салтанаты өтті. Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Ашылу барысында апталықта өткізілетін шаралар жоспарымен таныстырылды.
Алдағы күндері оқушылардың қатысуымен экологиялық акциялар, танымдық сабақтар, сайыстар мен шығармашылық байқаулар ұйымдастырылады.
🌱 Табиғатты қорғау – әрбір адамның ортақ міндеті. Экологиялық апталық аясындағы іс-шаралар қоршаған ортаны аялауға деген жауапкершілікті арттырады деп сенеміз.
♻️ Таза табиғат – жарқын болашақ кепілі!
|
7
Сәуір
2026
|
Тәрбиешілер апталығы аясында 8–9 сынып интернат тәрбиеленушілерімен «АИТВ және ЖИТС туралы не білеміз? Зиянды заттардың әсері» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға АИТВ мен ЖИТС туралы толық мағлұмат беру, олардың жұғу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіру, сондай-ақ зиянды әдеттердің адам денсаулығына тигізетін кері әсерін ұғындыру.
Сабақ барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап арқылы білімдерін толықтырды. Сонымен қатар, зиянды заттардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы кеңінен талқыланды.
Осындай тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, дұрыс өмірлік таңдау жасауына бағыт береді.
Тәрбиешілер: Фаменова Ш. Абилова Г.







