|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
12
Қазан
2026
|
«12 ай – 12 кітап» жобасы аясында📖 Қазан айындағы кітап оқу челленджі!Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 5 «А» сынып оқушысы Серік Зарина Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі»повесін оқыды.Шығармада соғыс жылдарындағы балалардың ауыр тағдыры, балалық шақтың қиындығы, төзімділік пен үміт тақырыптары көрініс табады. Аянның тағдыры арқылы оқырман адамгершілікті, қайсарлықты және қиындыққа мойымауды түсінеді.Кітап оқу – рухани байлықтың кілті! Әрбір оқылған кітап баланың ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын молайтады.Мақсатымыз – кітап оқитын, ойы ұшқыр, рухани бай ұрпақ тәрбиелеу!
|
12
Қазан
2026
|
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ! 🔬🌍Мектебімізде жаратылыстану апталығының салтанатты ашылуы өтті.Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздарға жаратылыстану ғылымдарына қатысты қызықты сұрақтар қойылып, олардың білімдері мен тапқырлықтары сыналды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды.Мақсаты – оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, қоршаған ортаны тануға ынталандыру және ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту.Табиғатты танып, ғылымды зерттеп, білім көкжиегін бірге кеңейтейік!🔬🌍Мектебімізде жаратылыстану апталығының салтанатты ашылуы өтті.Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздарға жаратылыстану ғылымдарына қатысты қызықты сұрақтар қойылып, олардың білімдері мен тапқырлықтары сыналды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды.Мақсаты – оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, қоршаған ортаны тануға ынталандыру және ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту.Табиғатты танып, ғылымды зерттеп, білім көкжиегін бірге кеңейтейік!







