|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
26
Қаңтар
2026
|
Шахмат үйірмесі
Мектебімізде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, зейінін арттыру және стратегиялық шешім қабылдауға үйрету мақсатында шахмат үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірме барысында оқушылар шахматтың негізгі ережелерімен танысып қана қоймай, түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп, логикалық ойлауын дамытады.
Шахмат – сабырлылыққа, шыдамдылыққа және алға бірнеше қадам ойлай білуге үйрететін зияткерлік ойын. Үйірмеге қатысушы балалар әр партия сайын өз шеберліктерін шыңдап, достық қарым-қатынас орнатады.
Зияткер ұрпақ – жарқын болашақ кепілі! ✨
Үйірме жетекшісі: Сатжанов Т.А.







