|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
18
Ақпан
2026
|
Облыстық “Ұрпақ үні “ жобасы аясында өткізіліп жатқан Облыстық “Ұрпақ үні Abai Generation “ ЖИ мен креативті (6-шы қара сөзі) Қатысушысы : Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 6ә-сынып оқушысы Ерзал Нұрайым.
Жетекшісі: Стеуменова Асель Каршигаевна.
Жоба аясында қатысып отырған оқушымызға алда сәттілік, жеңіс тілейміз. Барынша қолдап кетулеріңізді сұраймыз.
|
18
Ақпан
2026
|
Мектебімізде білім сапасын арттыру және Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындық жүргізу мақсатында кешенді жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылуда. Пән мұғалімдері халықаралық талаптарға сай тапсырмалар әзірлеп, қосымша сабақтар мен байқау тестілеулер өткізіп, нәтижелеріне талдау жасауда және әр оқушымен жеке жұмыс жүргізуде. Психолог мамандар тренингтер мен кеңестер ұйымдастырып, білім алушылардың сенімділігі мен психологиялық дайындығын нығайтуда. Сынып жетекшілері ата-аналармен тұрақты байланыс орнатып, оқушылардың дайындық деңгейін бақылауда. Мектеп әкімшілігі барлық үдерісті үйлестіріп, жүйелі мониторинг пен әдістемелік қолдау көрсетуде.
Ортақ мақсатымыз – білімді, бәсекеге қабілетті, өзіне сенімді тұлға қалыптастыру. Бірлескен еңбек әрдайым сапалы нәтижеге жеткізеді!







