|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
17
Ақпан
2026
|
«Айқын нәтиже» жобасы аясында әлеуметтік санаттағы отбасылармен көшпелі жұмыс жүргізілді.
Аралау барысында мамандар отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысып, әр үйдің ахуалын зерделеді, сонымен қатар бала тәрбиесі мен білім алуына ерекше назар аударды. Оқушылардың сабаққа қатысуы, тәртібі және бос уақытының ұйымдастырылуы қаралды. Ата-аналармен жеке әңгімелесулер жүргізіліп, оның барысында ата-ана жауапкершілігін арттыру, құқықтық сауаттылық және отбасында жағымды психологиялық климат орнату мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, мектеп пен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту. Жоба аясындағы жұмыс жалғасатын болады.

“ Таза Қазақстан “ республикалық акция аясында мектепалды “Ә” сыныбында сынып сағаты өтті.
Өткізген мектепалды сынып педагогы Б.З.Ибадуллина.







