|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
30
Қыркүйек
2026
|
ҚАРТТАРЫМЫЗҒА ТАҒЗЫМ! 🌿Қарттар күніне орай 7–8 сынып интернат тәрбиеленушілері ардақты Абдығомар атамыз бен Социал әжемізді мерекелерімен құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді. ❤️Жас ұрпақ үлкендерге ізет көрсетіп, ақ батасын алды. Ақсақалдың батасы мен әженің ақ тілегі – ұрпаққа берілген үлкен өнеге, рухани қазына.
|
30
Қыркүйек
2026
|
7-сынып тәрбиеленушілерімен «Күзгі баққа саяхат» тақырыбында сынып сағаты таза ауада, табиғат аясында өткізілді. Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға және аялауға тәрбиелеу, күз мезгілінің ерекшеліктерін бақылау арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Сабақ барысында тәрбиеленушілер күзгі табиғатты тамашалап, ағаштар мен өсімдіктердің өзгерістерін бақылап, табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. Табиғатты таза ұстау, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау жөнінде тәрбиелік әңгіме жүргізілді.
Таза ауадағы саяхат оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, табиғатпен жақын қарым-қатынас жасауына мүмкіндік берді. Сынып сағаты қызықты әрі әсерлі өтті.тақырыбында сынып сағаты таза ауада, табиғат аясында өткізілді. Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға және аялауға тәрбиелеу, күз мезгілінің ерекшеліктерін бақылау арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Сабақ барысында тәрбиеленушілер күзгі табиғатты тамашалап, ағаштар мен өсімдіктердің өзгерістерін бақылап, табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. Табиғатты таза ұстау, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау жөнінде тәрбиелік әңгіме жүргізілді.
Таза ауадағы саяхат оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, табиғатпен жақын қарым-қатынас жасауына мүмкіндік берді. Сынып сағаты қызықты әрі әсерлі өтті.







