|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
30
Қыркүйек
2026
|
Күзгі асар» жәрмеңкесі аясында 5 «А» сынып оқушысы Серік Зарина әкесімен бірге экологиялық қалдық заттарды қайта пайдаланып, ерекше макет жасады.
Қарапайым қалдықтарды кәдеге жаратып, әсем әрі мазмұнды жұмыс жасау – табиғатты қорғауға деген жауапкершіліктің көрінісі.
|
30
Қыркүйек
2026
|
1 қазан – Қарттар күніне орай 5 «А» сынып оқушылары сынып жетекшісі А.Д. Шақырманмен бірге ардақты әжеміз Достаева Рымтай Ишановнаның шаңырағына арнайы барып, ақжарма тілектерін арнап, мерекесімен құттықтап қайтты.
Балаларымыз әжемізге жылы лебіздерін білдіріп көңілін көтерді.
Қарияларымыздың батасы мен өнегесі – кейінгі ұрпаққа жол көрсететін асыл мұра. Үлкенді құрметтеу, ізет көрсету – ұрпақ тәрбиесінің ең маңызды құндылықтарының бірі.
Қариясы бар үй – қазыналы үй.
Ардақты Рымтай Ишановнаға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен мол қуаныш тілейміз!







