Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
31
Қазан
2023
|
"Оқуға құштар мектеп жобасын" іске асыру мақсатында күзгі демалыста " Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз " атты іс-шарамызға 1-11 сынып оқушылары мен ата-аналарын кітап оқуға шақырамыз.
«Аққу» қыздар клубының ұйымдастыруымен 6-11 сыныптың қыздарымен «Қыздар құпиясы» атты тақырыпта медициналық қызметкерлермен кездесу өтті. Кедесуге гинеколог Гүлнар Алшынқызы Жүнісова, мектеп медбикесі қатысты. Кездесу барысында салауатты өмір сүру үшін әрбір адам дұрыс тамақтануды, күн тәртібін сақтап, белсенді қимылдауды үйрену керектігі айтылды. Гигиена мен тазалықты, шынығу тәртіптерін сақтау, яғни жеке бас тазалығының ережелерін атап өтті. Денсаулықтың басты ережесі – зиянды әдеттерден аулақ болып, өз-өзіңмен, ішкі дүниеңмен тепе-теңдікте келісімді өмір сүру. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.