Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
28
Қазан
2023
|
Құрметті қамқоршы!
Балаларға деген ыстық ықыласыңыз, аялы алақаңызды созып, адамдық мейірімділік таңытқандарыңыз үшін Еліміздің барлық қамқоршыларына алғыс айтамыз.
28
Қазан
2023
|
Математика, физика, информатика, орыс тілі, ағылшын тілі пән мұғалімдері бірлесіп «Критериалды бағалау-сапалы білім негізі» атты коучинг өткіздік. Коучинг мақсаты: «Білім берудегі оқу жетістіктерін бағалаудың шынайы және сенімді жүйесін талқылау, тәжірибе алмасу». Келесі мәселелер қарастырылды: бағалаудың құрылымы, принциптері, міндеттері. Тәжірибе алмасу барысында бағалау құралын әзірлеу процесі және дискриптор жазудың нақты қадамдары сипатталды. Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негізі болатын белгі екенін басшылыққа алып топтық жұмыстар қорғалды.
Әдістемелік бірлестік жетекшілері: Абдыкаримова С.Т., Солтаналина А.С.