|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
19
Желтоқсан
2025
|
қосалқы жобасы аясында
«Заманымыздың батырлары» тақырыбында сұхбат пен презентациялар ұйымдастырылды. Шара барысында ерлік пен отансүйгіштіктің үлгісі болған Бауыржан Момышұлының өмірі мен тағылымды жолы кеңінен таныстырылды.
Кештің құрметті қонақтары — Баянауыл ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының орынбасары, майор Макаров Нұрбол Серікұлы және мектебіміздің түлегі, қатардағы жауынгер Байболатов Жанбота Ержанұлы.
|
19
Желтоқсан
2025
|
Мектебімізде оқушылардың тапқырлығы мен шығармашылығын дамыту мақсатында мектепішілік жайдарман (КВН) сайысы ұйымдастырылды. Аталған сайысқа мектебімізден 7 команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Сайыс барысында оқушылар түрлі әзіл-қалжың, сахналық көріністер мен қызықты қойылымдар ұсынып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Командалар өзара тартысты бәсекеде тапқырлықтары мен ұйымшылдықтарын көрсете білді.
Сайыс қорытындысы бойынша:
🥇 7 «А» сыныбы – І орын
🥈 8 «А» сыныбы – ІІ орын
🥉 6 «Ә» сыныбы – ІІІ орын
🏅 5 «А» сыныбы – «Ең тапқыр команда»
🏅 5 «Ә» сыныбы – «Ең драйвты команда»
🏅 7 «Ә» сыныбы – «Ең креативті команда»
🏅 8 «Ә» сыныбы – «Көрермен көзайымы»
Жеңімпаздар мен қатысушы командалар алғыс хаттармен марапатталды. Шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың белсенділігін арттырып, бірлік пен ынтымақты нығайта түсті.







