|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
3
Сәуір
2026
|
Ертегілер әлемі аясында өткізілген 1”А” сынып оқушыларының “Қазақтың мақтанышы бренді” атты қойылымы
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Оқы, Талқыла, Суретте» атты танымдық әрі шығармашылық шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқыған шығармаларын талдай білуге үйрету және қиялын сурет арқылы жеткізуге мүмкіндік беру.
Шара барысында балалар өздеріне ұнаған кітаптарды оқып, мазмұнын талқылады, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беріп, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, оқыған шығармаларынан алған әсерлерін сурет арқылы бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Балалардың белсенділігі мен қызығушылығы шараның жоғары деңгейде өткенін айқындады.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен үлес қосады.







