|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
1-сәуір күні мектебімізде Баянауыл ауданы ішкі саясат,мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен және аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерінің қатысуымен “Діни экстремизм идеяларының таралуына жол бермеу туралы”тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары және ұстаздары қатысты. Баянауыл ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог Б.Герман “Діни экстремизмнің ұғымы мен белгілері”, “Жалған терроризм” тақырыбында ой қозғап, слайдтар мен бейнероликтар көрсетіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
- 1 сәуір күні 6 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Ежелгі кітапханалар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты пән мұғалімдері А. Рымхан және Г.Е. Сайрамбек жүргізді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға ежелгі кітапханалардың тарихы мен маңызы туралы мәлімет беру, мәтінмен жұмыс жасау арқылы тілдік дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру болды. Сабақ барысында оқушылар Ежелгі Мысыр, Александрия кітапханасы сияқты тарихи орындар туралы ақпарат алып, олардың адамзат өркениетіндегі рөлін талқылады.
Сабақ түрлі әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылды: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, мәтінді талдау, шығармашылық тапсырмалар. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Әсіресе, топтық тапсырмалар кезінде оқушылар бірлесе жұмыс жасап, тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Ашық сабақ заманауи талаптарға сай өткізіліп, көрнекі құралдар мен интерактивті әдістер тиімді қолданылды. Сабақ соңында кері байланыс жүргізіліп, оқушылар өз әсерлерімен бөлісті.
Жалпы, ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.







