Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
4
Желтоқсан
2023
|
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінде 11а сынып оқушысы Қанаш Ернұр III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Е.Б.Рахимтаев. Құттықтаймыз!
1
Желтоқсан
2023
|
Кәсіподақ төрайымының ұйымдастыруымен "Әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықсыз" акцияға қатысты Ш.Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернатының кіші қызметкерлерімен Баянауыл аудандық ІІББ ӘЗЗҚ тобының инспекторы полиция лейтенанті Мекенова Ильмира Имантайқызы кездесу өткізді.
4
Желтоқсан
2023
|
2023 жылғы 1-2 желтоқсан күндері аралығында Абай облысында грек-рим күресінен 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Тұрлыхановты еске алуға арналған ашық республикалық турнирде 36 келі салмақ дәрежесінде мектебіміздің 7ә сынып оқушысы Жанболат Әділ І орынға ие болып жарыс жеңімпазы атанды. Жаттықтырушысы: К.Ж. Дуйсенбеков
1
Желтоқсан
2023
|
“Жас сұңқар” патриоттық клубының құрмет қарауылының көрнекілік көрсетілімі.
1-желтоқсан мектебімізде “Ата-ана. Оқушы. Ұстаз” ашық есік күні өткізілді.
1. Ата-аналарды қарсы алу.
2. Сабақтарға қатысу.
3. Мектептің үйірме жұмыстарымен танысу.
4. Мектеп асханасын бақылау.
5. Пән мұғалімдерімен кездесу.
6. Кофе брейк өтті.
Барша қатысқан ата-аналарға алғыс білдіреміз!
1
Желтоқсан
2023
|
“Қазакстан құқықтық мемлекет” тақырыбында “6”А”сынып оқушылар арасында тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекші Ж.Ш.Сарбасова
1 желтоқсан күні "Ата-ана. Оқушы. Ұстаз" ашық есік күні аясында шахмат ойыны өтті.
1
Желтоқсан
2023
|
Сүйінші!!!
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы Ұлттық байқауының «Табиғатқа жанашыр ұйым» номинациясы бойынша мектебіміз I орынды иеленді. Сыйлыққа «Технодом» дүкенінен 80 000 теңгелік сертификат табысталды. Құттықтап қойсаңыздар болады!!