|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
13
Наурыз
2026
|
ЖЕТІСТІК!
2026 жылғы 10–12 наурыз күндері Екібастұз қаласында өткен үстел теннисінен XIII жазғы Қазақстан оқушылары гимназиадасында 10-сынып оқушысы Балтабек Іңкәр Павлодар облысының U-17 құрамасы сапында өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орын иеленді 🥉
Жаттықтырушысы: Салыков А.
Жас спортшымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!

|
5
Наурыз
2026
|
1а сынып оқушылары барша аналарды 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды.
Бүгін мектебіміздің ӘКЕЛЕР клубының мүшелері «Сезім көктем» облыстық челленджі аясында «Тәрбие табалдырықтан» бағыты бойынша белсенді түрде қатысты.
Мектебіміздің әкелері ұжымға шын жүректен шыққан тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар аналарды,әжелерді жалпы қыздар қауымын мерекемен құттықтап, тәттілер ұсынып, ерекше көңіл күй сыйлады.
Бұл игі шара – отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың, әкенің бала тәрбиесіндегі маңызды рөлінің айқын көрінісі болды. Осындай кездесулер ұрпақ тәрбиесінде бірлік пен сыйластықты арттыра түсетіні сөзсіз.
Әкелер клубының белсенді мүшелеріне зор алғысымызды білдіреміз!
|
5
Наурыз
2026
|
2 “Ә” сыныбының құттықтауы!
Құрметті аяулы аналар!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
|
6
Наурыз
2026
|
Облыстық «Сезім көктем» 8-наурыз – Халықаралық әйелдер қарсанында 2ә-сынып оқушылары да белсенділік танытты.
🌹2ә-сынып оқушылары өздерінің ,ардақты аналары мен аяулы әжелерін мерекемен құттықтап, оларға деген құрметтері мен сүйіспеншіліктерін білдіріп, әжелеріне гүлдерін сыйлап, мерекені жылулық пен қамқорлықпен толықтырды.
💐Бұл марафон арқылы оқушылар отбасы құндылықтарын дәріптеп, үлкенге деген сыйластықтың маңызын көрсетті.
|
5
Наурыз
2026
|
|
5
Наурыз
2026
|
Адал азамат – біртұтас тәрбие жоспары аясында «Шабыт» республикалық жобасы бойынша мектебімізде «Ананың аялы алақаны» атты челленджіне 10 сынып оқушылары қатысты.






