|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
12
Қараша
2025
|
4 - сынып оқушыларымен психолог Н.Н. Шәріп сынып ішіндегі жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға арналған тренинг өткізді.

|
6
Қараша
2025
|
Құттықтаймыз!
⠀
Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Айтмағанбетова Айнұр Нуриденовна республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде І дәрежелі дипломмен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды. Сәттілік тілейміз!
⠀
Жетістіктеріңіз толастамай, шығармашылық шабытқа жете беріңіз!

|
12
Қараша
2025
|
Мектепалды “ Ә” сыныбында “ Баланың басты ұстазы- ата- ана” атты ата - аналар жиналысы өтті.
Өткізген сынып тәрбиешісі Б.З.Ибадуллина
Бүгін мектеп оқушылары үшін көңілді үзіліс ұйымдастырылды. Оқушылар сергіп, жақсы көңіл күйге бөленді. Мақсаты:
Оқушылардың үзілісте сергіп, белсенді демалуына жағдай жасау;
Оқушылардың белсенділігін арттыру.
|
7
Қараша
2025
|
Баянауыл ауданы , Ш.Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернатының 6 «А» сынып оқушылары Ұлттық STYLE жобасы аясында ұлттық құндылықтарды насихаттап, ата-баба дәстүрін дәріптеуге үлес қосты. Оқушылар өз қолдарымен шопер сөмкелер тігіп, оларға ұлттық ою-өрнектерді жабыстырып, ерекше стильмен безендірді.
Бұл жұмыс арқылы олар ұлттық нақышты заманауи тұрғыда ұштастырып, шығармашылық қабілеттерін таныта білді.
|
4
Қараша
2025
|
Еліміз бойынша 232 жаңа мектеп салынуда
🇰🇿 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің білім беру саласында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – үш ауысымды оқыту мәселесін шешу, оқушы орындарының тапшылығы мен апатты мектептерді жою.
➡️ Толығырақ gov.kz сайтында
➖➖➖
🏗️ 232 новые школы строятся по всей стране
🇰🇿 По поручению Главы государства в Казахстане реализуются масштабные инфраструктурные проекты в сфере образования. Основная цель — решение вопросов трехсменного обучения, сокращение дефицита ученических мест и ликвидация аварийных школ.
➡️ Подробнее на сайте gov.kz

|
7
Қараша
2025
|
”Мұздағы сақтық – өміріңнің кепілі!”
⠀
1, 2, 3-сынып интернат тәрбиеленушілерімен қауіпсіздік шараларын насихаттау мақсатында тәрбие сағаты өткізілді.
⠀
Шара барысында оқушыларға мұз үстіндегі қауіп-қатерлер, төтенше жағдайлар кезінде өзін дұрыс ұстау ережелері түсіндірілді.
⠀
Тәрбие сағатын өткізген:
Н.М. Амирова
Д.Д. Манзулова
А.О. Садыкова
⠀
Балаларға пайдалы ақпарат беріліп, өмір қауіпсіздігі жайында маңызды мәліметтермен бөлісілді.

|
3
Қараша
2025
|
Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының оқушыларына күзгі каникул кезінде «Қызыл деңгей» атты қарсы үгіт-насихат фильмі көрсетілді.
Мақсаты – балаларға түрлі тәуекелдер мен зиянды әрекеттердің салдары туралы түсінік беру, қауіпсіздік пен сана-сезімді арттыру.







