Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
3"б"-4"в" сынып тәрбиеленушілерімен "Бала құқығы туралы не білеміз?" атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру. Өткізген: Молдабекова А.Т.
7
Наурыз
2024
|
8а, ә сынып оқушыларының ұйымдастыруымен 8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне орай тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшілер А.А. Жуматова және А.С. Солтаналина
2024 жылғы 8-9 наурыз аралығында Павлодар қаласында грек-рим күресінен 2009-2011 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен, облыс чемпионатына мектебіміздің жас палуандары қатысып, өз салмақ дәрежелерінде жүлделерге қол жеткізді. Жанболат Әділ,Мүбәрак Ермұхамет І орын.Сарбасов Ерік ІІ орын иеленіп ҚР чемпионатында облыс намысын қорғайды. Жаттықтырушысы: К.Ж. Дуйсенбеков
7
Наурыз
2024
|
Облыстық Проэко байқауынан
Қаппас Камила 2 орын жетекшісі: Досмагамбетова С.С
Амангелді Айзере 2 орын жетекшісі :Мылтықбай Т.Ж
Орал Айзере 2 орын жетекшісі: Шақырман А.Д
Төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрін қалыптастырып, оның мазмұнын идеологиялық мәнмен байыту үшін жыл сайын 14 – 23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігін жариялап, оның әр күнін белгілі бір тақырыпқа арнау ұсынылады.
14 наурыз (бс.) – «Көрісу күні – Амал мерекесі».
Дәстүр бойынша, бұл – туған-туыстарға, көршілерге, жасы үлкен кісілерге және т.б. сәлем беретін немесе қонақ күтетін уақыт.
Жақын маңдағы мектептер бірлескен іс шара «Көрісу күні – Амал мерекесі» өткізе алады.
Өткізілген іс-шараны инстаграм парақшасында #nauryzкөрісу хэштэгі бойынша жариялау.
Жауаптылар: Облыстың білім беру ұйымдары
15 наурыз (жм.) – Қайырымдылық. Бұл күнді қайырымдылық, мейірім мен тату көршілік тақырыбына арнауды ұсынамыз.
Меценаттарды, қайырымдылық ұйымдарының басшыларын, еріктілерді марапаттау бойынша салтанатты іс-шаралар өткізу ұсынылады.
Мектептерге қарттар үйлеріне, отбасылық үлгідегі балалар ауылдарына барып, қайырымдылық концерттерін өткізу ұсынылады.
Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға, жануарларға көмек көрсете отырып, әлеуметтік жақсылық марафонын өткізу.
БАҚ пен әлеуметтік желілерде осы іс-шаралар туралы кеңінен хабар таратумен қатар қандай да бір қайырымдылық жасаған қазақстандықтардың сұхбаттары жарияланады.
Өткізілген іс-шараны инстаграм парақшасында #қайырымдыnauryz хэштэгі бойынша жариялау.
Жауаптылар: Облыстың білім беру ұйымдары
16 наурыз (сн.) – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күн мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналады. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу бойынша дәстүрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Мәдениет ұйымдарында мерекелік марафон – халықтың кең тараған салт-дәстүрлерінің (тұсаукесер, бесікке салу, беташар және т.б.) көрсетілімдерін өткізу ұсынылады.
Облыс мектептерінде ұлттық-қолданбалы шығармашылық көрмелерін өткізу. Павлодар қаласының балалар бейнелеу мектебі облыстық көркемсурет мұражайында үлкен көрме және «Шебер ұстаз-өнегелі шәкірт» атты шеберлік сыныптарын өткізу.
6
Наурыз
2024
|
Ә.Марғұланұлының 120 жылдығына және 8 наурыз мерекесіне арналған аудандық шахмат жарысында Ш.Айманов атындағы мектеп-интернат оқушылары жеңіске жетті. Жарыс қорытындысы:
1 орын Қамар Толқынай 3"ә" сынып оқушысы
2 орын Амантай Назым 3"ә" сынып оқушысы
3 орында Ш.Шокин атындағы мектебінің 2 сынып оқушысы Серік Зарина және Ж.Аймауытов атындағы мектебінің 4 сынып оқушысы Жансағын Нұрсая орналасты. Құттықтаймыз!!!
11
Наурыз
2024
|
«Оқуға құштар мектеп» жобасы,«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесін оқуға шақырамыз!
5
Наурыз
2024
|
Жаяу Мұса атындағы өнер мектебіне қатысатын оқушыларымыздың “Шерберхана” үйірмесіндегі жұмыстары